00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада аула командалары арасында футболдан турнир өтеді

21.07.2023 | 11:21
35
Фото: kff.kz

Астана қаласының балалар аула командалары арасында шағын футболдан турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа қатысу үшін командалардан өтінім 23 шілдеге дейін aulaligasy@mail.ru поштасына қабылданады.

Жарыс айналмалы жүйеде және 5 алаң ойыншысы + 1 қақпашы форматында өтеді. Регламент бойынша әр командада 8 ойыншыдан кем болмауы керек.

Топтық кезеңнің жеңімпаздары (аудандар арасында) және үздік үш екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне (1/4 финал) өтеді, онда олар бірінші орын үшін таласады.

Толық ақпарат 8 701 445 48 48 нөмірі бойынша. Өтінім беру формасы мына сілтемеде көрсетілген.

Барлық жаңалықтар