00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астана VS Спортинг: Тарихи құрама қайда жүр?

15.02.2024 | 10:58
45

Бұл бүкіл қазақ спорты және «Астана» футбол клубы үшін айтулы оқиға болды.

«А» тобында екінші орын алған астаналық клуб еурокубоктың плей-офф кезеңіне сәтті өтті. Өз алаңындағы алғашқы ойында «Астана» португалиялық «Спортингтен» 1:3 есебімен ұтылды, алайда бір аптадан кейін Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында жақсы тойтарыс берді. 2018 жылдың 22 ақпанында командалар арасындағы қарымта ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Ненад Эрич – 2020 жылы «Астана» сапынан кеткен соң, мансабын аяқтады.

Юрий Логвиненко – 2023 жылы футболдағы мансабын аяқтады.  

Игорь Шитов – 2021 жылы футболдағы мансабын аяқтады.  

Евгений Постников – 2021 жылы футболдағы мансабын аяқтады. 

Иван Маевский – 2023 жылы футболдағы мансабын аяқтады.  

Абзал Бейсебеков – «Астана» сапында ойнап жүр.  

Марин Томасов – «Астана» клубының капитаны.  

Дмитрий Шомко – 33 жастағы футболшы былтыр «Ақтөбе» клубында ойнады. Ол «Елімай» командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін. 

Роман Муртазаев – 30 жастағы футболшы «Елімай» клубында ойнайтын болады.  

Ласло Кляйнхайслер – 29 жастағы футболшы 2024 жылы «Хайдук Сплит» клубымен келісімге келді.  

Патрик Твумаси – 29 жастағы футболшы Кипр чемпионатындағы «Пафос» клубында доп тебеді.  

Джордже Деспотович – 31 жастағы футболшы 2024 жылы Черногорияның «Будучност» клубына ауысты.  

Сергей Малый – 33 жастағы футболшы ел чемпионы «Ордабасы» сапында ойнайды.  

Марко Станоевич – 35 жастағы футболшы Өзбекстанның «Насаф» клубының намысын қорғап жүр.  

Алексей Щеткин – Ресейдің ФНЛ лигасындағы «Кубань» ойыншысы. 

Марин Аничич – 34 жастағы футболшы «Сараево» (Босния және Герцеговина) клубында доп тебеді. 

2017/18 жылдағы «Астананың» еурокубоктағы жолы: 

Чемпиондар лигасы

2-раунд. «Астана» – «Спартак» (Латвия) 1:0, 1:1 

3-раунд. «Астана» – «Легия» (Польша) 3:1, 0:1 

Плей-офф. «Астана» – «Селтик» (Шотландия) 4:3, 0:5 

Еуропа лигасы. Топтық кезең. 

«Астана» – «Маккаби» (Израиль) 4:0, 1:0

«Астана» – «Славия» (Чехия) 1:1, 1:0

«Астана» – «Вильярреал» (Испания) 2:3, 1:3 

1/16 финал

«Астана» – «Спортинг» (Португалия) 1:3, 3:3

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар