00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аргентинамен өтетін матчта Қазақстан құрамасына өзгерістер енгізілді

30.01.2024 | 11:57
43
Фото: ашық дереккөз

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамы Александр Бубликтің Олимпиада жолдамасын алуына басымдық беру жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы осы аптада Монпелье (Франция) турнирінде ойнайды. Егер осы додада сәтті өнер көрсетсе, Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі ұлғаяды.

Сонымен қатар Аргентинамен матчқа Бейбіт Жұқаев қатыспайтын болды. Ол жуырда Аустралиядағы жарыста жарақат алып қалды.

Осылайша, Росариода ел намысын әлемнің 176-ракеткасы Денис Евсеев, сондай-ақ Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және жұптық сында әлемдік рейтингіде 48-орында тұрған Александр Недовесов қорғайды.

Барлық жаңалықтар