00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына шықты

01.02.2024 | 11:53
46
Фото: ktf.kz

Бұдан екі жыл бұрын осы жарыста үздік шыққан қазақстандық теннисші биыл доданың 2-ракеткасы болып тіркелген.

Турнирді екінші айналымнан бастаған Александр дүниежүзілік рейтингіде 137-орында тұрған канадалық Денис Шапаваловпен шеберлік байқасты.

Канадалық теннисші кезінде рейтингіде 10-орынға дейін көтерілген ойыншы еді. Сондықтан ойын аса тартысты өтіп, бірінші партияда Шаповалов шыдатпады – 6:1.

Екіншісінде тай-брейкте Бублик қарымта қайырды – 7:6 (14:12).Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей алды – 6:3.

Александр Бублик жартылай финалға өту үшін әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко немесе рейтингіде 104-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.

Барлық жаңалықтар