00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Александр Бублик Дубайдағы жарыстың ширек финалына шықты

29.02.2024 | 06:54
58
Фото: дереккөз

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 28-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспормен сынға түсті.

Матчтың тартысты өткені сондай, екі сет те тай-брейкпен аяқталды. Онда Бублик 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен басымдық танытты.

Екі сағатқа жуық созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. 

Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 38-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечкамен кездеседі.

Барлық жаңалықтар