00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Айбек пен Нұрбек Оралбайды астаналықтар әуежайдан күтіп алды

13.03.2024 | 05:21
49
Фото: дереккөз

Бокстан 3-11 наурыз күндері аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған  Айбек және Нұрбек Оралбайды  Астана қаласының халықаралық әуежайында жанкүйерлері мен жақындары салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info

Әлемдік іріктеу турнирінде жеңіске жеткен егіз боксшыларды күтіп алуға Астана қаласы әкімдігінің  Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Жұмабай мен туған-туыстары, достары қатысты. Бұл тек Астана қаласы үшін ғана емес, қазақ боксы үшін ерекше жайт. Себебі, бірінші рет ел тарихында егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Италиядағы турнирде оңай қарсылас болмады. 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Қарсыластарым көпшілігі қара күшке ие, физикалық жағынан мықты болды. Құдайға шүкір, қазақ бокс мектебінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, барша отандастарымызды қуантып жатырмыз. Бұйырса, Париж Олимпиадасында да ел сенімін ақтауға барымызды саламыз», - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Италия төріндегі бәсекеде әлемнің 112 елінен 598 боксшы қатысып, 49 Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған болатын. Осы жарыста астаналық егіз боксшылар 80 және 92 келі салмақ дәрежесіндегі жолдаманы жеңіп алды. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар