00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үштікке енді

03.04.2024 | 17:39
Елорда ақпарат
59
Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үштікке енді
Фото: дереккөз

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлады Elorda.info

48 келі салмақта сынға түсетін Абиба олимпиадалық рейтингте 4 576 ұпаймен үшінші орында тұр. 

Бірінші орынға 5 945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орынға 5 200 ұпаймен Нацуми Цунода орналасқан. 

Әлемдік рейтингте жерлесіміз 5 184 ұпаймен төртінші орында. 

Айта кетелік, Абиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде үздік үштікке енді. 

Португалияда өткен Гран-при турнирінде, Баку мен Антальядағы Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанса, Ташкенттегі Grand Slam-да күміске қол жеткізді. 

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова дзюдодан қазақ қыздары арасында әлем чемпионаты мен Grand Slam турнирлерінен жүлде алған алғашқы спортшы. Сондай-ақ, ол Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері. 

Барлық жаңалықтар