00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Канело» қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады (ВИДЕО)

01.04.2023 | 00:39
Елорда ақпарат
31

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Қазақстан халқын төл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті, - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.

«Канело» да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтап:

Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын! - деген.

Барлық жаңалықтар