00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Асхат Оралов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентімен кездесті

01.04.2023 | 00:28
Елорда ақпарат
31

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммад Джалудпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің сөзінше, Лос-Анджелесте 2028 жылы өтетін Олимпиада қарсаңында біздің еліміз ауыр атлетикадан әлем, Азия чемпионаты немесе басқа да ауқымды жарыс болсын, іріктеу турнирін қабылдауға ниетті.

Кездесуде Джалуд мырза Алматыда 2014 жылы өткен әлем чемпионатының ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғандығын ерекше атап өтіп, біздің бастамамызды қолдауға дайын екенін жеткізді. Халықаралық федерацияның президенті ол чемпионатты жадында сақталған ең жарқын ауқымды іс-шараның бірі деп атады. Әрине бұл жағымды пікір, дегенмен, біз 2027 жылы да мүдде биігінен көрініп, тартысты турнир өткізе алатынымызға сенім зор, - деп жазды Асхат Оралов Facebook-парақшасында.

Министр IWF президенті спортшыларымыздың, соның ішінде наурыз айының соңында Албанияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсететіндердің дайындық деңгейін жоғары бағалағанын айтты. Сондай-ақ Қазақстанның Азия ойындары мен Олимпиадада көшбасшы болуға толық мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Кездесу соңында Джалуд мырзаны Алматы облысында биылға жоспарланған Олимпиадаға дайындықтың республикалық базасының ашылуына шақырдым, - деді министр.

Барлық жаңалықтар