00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды

01.04.2023 | 00:13
Елорда ақпарат
42

Бұл туралы танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті достар! Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Оған себепкер, шахматқа жанашыр, қолдаушы Астана қалалық федерациясының президенті Абзал Сағымбаев мырзаға рақмет айтқым келеді. Абзал Екрамбекұлының ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады.

Осы мақсатта мен шахматты одан әрі насихаттап, дамытуға, маған білдірген сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамын. ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімім мен энергиямды барымша шахматтың көркеюіне жұмсаймын.

Шахмат жұртшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Абзал Екрамбекұлымен бірлесе жұмыс жасаса Астана шахмат федерациясы одан да белсенді әрі беделі биік болатынына сенемін. Алда өршіл мақсаттар тұр. Көп жұмыс, сәттілік тілеймін, - деп жазды Динара Сәдуақасова.

Барлық жаңалықтар