00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі айналысады

01.04.2023 | 00:08
Елорда ақпарат
25

800 мыңнан астам қазақстандық футболмен тұрақты айналысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Футбол - әлемдегі ең танымал спорт түрі. Елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі түрде айналысады. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында балалар және бұқаралық спортқа аса көңіл бөлу керектігін айтты. Бүгін құрылып жатқан футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы спортшылардың бұқаралықтан кәсіби спортқа көшуіне ықпал етеді. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан футболдан жасөспірімдер лигасын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, - деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, елімізде футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы құрылды.

Лигаға еліміздің барлық өңірінен жас футболшылар қатысады. Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатыспақ.

Футболдан жасөспірімдер лигасының алғашқы матчы 22 сәуірде «Астана Арена» спорт кешенінде сағат 17:00-де басталады.

Барлық жаңалықтар