00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық спортшы көркем гимнастикадан күміс медаль алды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:32
Елорда ақпарат
46

Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған бағдарламада 33,8 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреген. Бұл – Эльжананың биылғы маусымда жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұл бәсекеде украиналық Виктория Оноприенко жеңіске жетсе, қоланы болгариялық Ева Брезалиева иеленді.

Сондай-ақ Таниева ұршық және таспамен жаттығудан финалға шыққан болатын. Ұршықпен жаттығуда Эльжана жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орын алды. Ал шығыршық жаттығуында алғашқы алтылыққа енді. Көпсайыс қорытындысы бойынша ол тоғызыншы орыннан көрінген.

Айта кетелік, Эльжана Таниева биыл ұршыққа арналған бағдарламасын Шакираның әйгілі «Loca» әнінің ырғағымен орындайды. Тартудағы әлем кубогіне 29 елден гимнастар қатысқан.

Барлық жаңалықтар