00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Ұялмайсың ба?»: Серік Сәпиев турнирде балуанмен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:30
Елорда ақпарат
45

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесіп қала жаздады, деп хабарлады Elorda.info Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында болды.

Эпизодтардың бірінде "Север-Юг" командасының мүшесі, бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасап, шағын төбелес басталып, ол тез арада ажыратылды.

Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады.

Сен маған "Олай жасама" дейсің. Мен де қызуқандымын! - деді Сәпиев.

Осыдан кейін балуанның жаттықтырушысы ортаға түсіп, Сәпиевке:

Мен оның жеке жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің емес пе? Сен білдей бір Олимпиада чемпионысың, жас баланы ұрып тұрсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?, – дейді.

Нәтижесінде Сәпиев пен балуан қол алысып, тарап кетті. 

Барлық жаңалықтар