00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Странджа» турнирі: Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады

31.03.2023 | 23:19
Елорда ақпарат
27

Болгария астанасы Софияда бокстан 74-кезекті «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

23 ақпанда рингке Қазақстанның сегіз өкілі шығады – төртеуі күндізгі (Астана уақытымен 17:00-де басталады) және кешкі сессияда (22:00-де басталуы) өнер көрсетеді. 

2020 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен Токио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов кездеседі.

Қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектер:

Күндізгі сессия:

51 келіге дейін Кенже Мұратұлы – Бишвамитра Чонгтам (Үндістан) – 1/8 финал;

57 келіге дейін Оразбек Асылқұлов – Луис Оливейра (Бразилия) – 1/8 финал;

80 келіге дейін Бекзад Нұрдәулетов – Артем Агеев (Сербия) – 1/8 финал;

92 келіге дейін Абзал Құттыбеков – Артем Джорданян (Грузия) - 1/8 финал.

Кешкі сессия:

48 келіге дейін Ернұр Қайрат – Лука Кублашвили (Грузия) - 1/4 финал;

67 келіге дейін Темірхан Тезек – Бехзод Хамидов (Өзбекстан) - 1/4 финал;

86 келіге дейін Бекзат Таңатар – Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан) - 1/4 финал;

92 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалолов (Өзбекстан) - 1/4 финал.

Софиядан тікелей трансляция Болгария бокс федерациясының Youtube-арналарында көрсетіледі – СІЛТЕМЕ 1СІЛТЕМЕ 2.

Барлық жаңалықтар