00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер Дубайдағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды

31.03.2023 | 23:12
Елорда ақпарат
15

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымы шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина US Open 2019 чемпионы Бьянка Андреесканы жеңді.

Ойын 1 сағат 31 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Оның келесі қарсыласы чехиялық Мари Бузкова болады. 

Юлия Путинцева сайыстың бірінші айналымында хорватиялық Петра Мартичпен ойын өткізді. Матч қорытындысы бойынша 6:4, 0:6, 6:2 есебімен Путинцева жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 47 минутқа созылды. 

Келесі айналымда Юлия Путинцева чехиялық Петра Квитоваға қарсы ойнайды.

Барлық жаңалықтар