00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Роналду бір ойында қатарынан 4 гол соқты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:52
Елорда ақпарат
37

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 16-турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Әл-Вахда» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бір қызығы, 4 голды да Криштиану Роналду соғып, покер авторы атанды, деп хабарлады Elorda.info

Португалдық ойыншы команда сапында негізгі құрамда алаңға шығып, капитандық қызмет атқарды. Алғашқы голын 21-минутта салды. Сондай-ақ бұл оның ұлттық чемпионаттардағы 500-голы болды. Екінші голды 40-минутта соғып, дубль жасады.

53-минутта пенальтиде де бағы жанып, командасына айқын басымдық алып келді. Араға 8 минут сала алаң иелері қақпасына 4-голын соғып, покер авторы атанды. 

Еске салсақ, Роналду араб клубы сапына былтыр желтоқсан айында ауысып келді.

Оның жылдық жалақысы – 200 миллион еуро.

Барлық жаңалықтар