00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

31.03.2023 | 22:03
Елорда ақпарат
37

Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Elorda.info

Жарыстың бірінші күні Қазақстанның екі өкілі шаршы алаңға шығады. Сессияның бірінші жұбында Санжар Ташкенбай 48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевпен кездеседі.

Үшінші жұпта «қазақтың Ломаченкосы» атанған Махмуд Сабырхан өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен 57 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалға шығу үшін жұдырықтасады.

Жастар арасындағы құрлық біріншілігіндегі жарыстың бірінші күнінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Барлық жаңалықтар