00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

31.03.2023 | 21:22
Елорда ақпарат
28

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League (WTL) командалық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті.

Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады.

Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.

Барлық жаңалықтар