00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аргентина құрамасы 3 дүркін әлем чемпионы атанды

31.03.2023 | 21:10
Елорда ақпарат
42

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамасы кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақтық кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Аргентина құрамасы жеңіске жетті.

Аргентина бірінші таймда 2 гол соғып, 80-минутқа дейін осы есепті ұстап тұрған. Бірақ 80, 81-минутта Килиан Мбаппе қос гол соғып, есепті теңестірді.

Ойынға қосылған қосымша уақытта қос құрама тағы бір-бір голдан соқты.

Ал пенальти сериясында Аргентинаның жолы болды. Сериядағы есеп – 4:2.

ӘЧ-2022. Финал.

Аргентина – Франция – 3:3 (2:0)

Гол соққандар: Месси 23 (1:0), Ди Мария 36 (2:0), Мбаппе 80 (2:1), Мбаппе 81 (2:2), Месси 109 (3:2), Мбаппе 118 (3:3).

Барлық жаңалықтар