00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық пара-шаңғышы Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды

31.03.2023 | 21:01
Елорда ақпарат
24

Ербол Хамитов пара шаңғы мен пара биатлоннан өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде 5 км қашықтықты 2:01.20 уақытта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ербол канадалық спортшы Кэмерон Коллиннан 1:53.90-ке қалып қойды. Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды украиналық спортшы Рад Тарас еншіледі.

Пара шаңғы мен пара биатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтеді. Екінші кезең АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр. Әлем кубогының кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады.

Барлық жаңалықтар