00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Футболдан әлем чемпионаты: Аргентина құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

31.03.2023 | 20:35
Елорда ақпарат
36

2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші турындағы Аргентина мен Мексика құрамалары арасындағы ойын Оңтүстік Америка командасының жеңісімен аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

1-турда Аргентина Сауд Арабиясынан жеңіліп қалған еді. Сондықтан жеңіске жетпесе, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылып қалатын. Леонель Месси бастаған футболшылар Мексиканың осал тұсын табуға бар күшін салатыны белгілі болды.

Кездесу барысында дәл осындай жағдай көрініс берді. Алғашқы минуттан алға ұмтылған аргентиналықтар Мексика қақпашысы Гильермо Очоаның осал тұсын табуға тырысты. Аргентина шабуылына лайықты төтеп бере білген мексикалықтар қолайлы сәтте алға қарай ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде аргентиналық футболшылар есепті ашуға күш салды. Десе де біраз уақытқа дейін дегеніне жете алған жоқ. Ойынның 64-минутында Леонель Месси алыстан тепкен добын қақпа торында тулатты. Осылайша ол өзінің құрамасының көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қиын сәтте жеңіске жетелейтінін аңғартты. Ол 87-минутта құрамадағы әріптесі Энцо Фернандеске пас шығарып, соңғысы оны голға айналдырды.

Осылайша Аргентина қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Барлық жаңалықтар