00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он үшінші рет жеңіске жетті

31.03.2023 | 20:05
Елорда ақпарат
29

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британ спортшысы Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған жекпе-жек АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өтті. Қос боксшы WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағын қорғау үшін жұдырықтасты.
Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді. Осылайша ол кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетсек, қазақстандық боксшы аталған нұсқа бойынша орта салмақта әлем чемпионы болып саналады.
Бұл атақтың бұрынғы иегері америкалық Деметриус Андраде (12-0, 8 КО) екінші орта салмаққа ауысып кетті. Осыған байланысты орта салмақта әлем чемпионы атағы Жәнібек Әлімханұлына берілді.

Барлық жаңалықтар