00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Боксшы Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен кейін комаға түсті

31.03.2023 | 19:53
Елорда ақпарат
31

TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комада жатыр.

Жекпе-жек 12-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталды, төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады.

Бұған дейін Айдос нокдаунға түскен болатын.

TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз, сондықтан қосымша ақпаратты бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығын дұғада болуға шақырамыз, - делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.

Барлық жаңалықтар