00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде МакГрегордан асып түсті

31.03.2023 | 17:43
Елорда ақпарат
24

Қазақ файтері Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлады Elorda.info. 

 Vesti.kz сайты жазғандай, ол жаңартылған рейтингте 11-орынға жайғасқан. Осылайша, Исмағұлов Конор МакГрегордың алдына жайғасты. Ирландиялық тізімде 12-орында тұр. 

Жеңіл салмақ рейтингтің көшін Чарльз Оливейра бастап тұр. Үздік үштіктің қатарында Дастин Порье мен Джастин Гэджи бар. 

Айта кетейік, Исмағұлов өзінің келесі кездесуін ресейлік Арман Царукянға қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC Vegas 66 турнирінде өтеді. 

Барлық жаңалықтар