00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биволдың бапкері Головкин – «Канело» трилогиясына қатысты пікір білдірді

31.03.2023 | 17:21
Елорда ақпарат
28

Жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың (20-0, 11 КО) бапкері, IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Кириллов қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) арасындағы трилогияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info Р-Спорт басылымына сілтеме жасап.

Соңғы жекпе-жекте Гена жеңіске жетем деп емес, ақша табуға келгендей көрінді. Оның тарапынан бәсекелестікті көрмедім. Тек мықты спарринг айқасы болды. Оның карьерасына қатысты ойымды айтсам, ол әлі де орта салмақта WBA белбеуінің иегері. Әлі де болса жақсы табыс табуына болады. Алайда жасы келіп қалды. Сол жағынан кері әсер ететін шығар. Бәрі өзіне байланысты, - дейді Кириллов.

Еске салайық, 17 қыркүйек өткен Головкин мен «Канело» жекпе-жегінде мексикалық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен жеңіске жетті.  

 

Барлық жаңалықтар