00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық полицей күрестен әлем чемпионы атанды

31.03.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
37

Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков қазақ күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлем біріншілігі Румынияның Констанца қаласында өтіп жатыр. Оған 20 елдің спортшылары қатысуда.

Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.

Сафуан – қазақ күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

Гүлжан Уалиева

Барлық жаңалықтар