00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қуат Хамитов ресейлік нокаутерді жеңді

31.03.2023 | 16:58
Елорда ақпарат
40

Қуат Хамитов ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) аралас жекпе-жекке шықты. Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын.

Аралық салмақтағы кездесу үш раундқа есептелгенмен, бірінші раундта-ақ Қуат Хамитовтың тұншықтыру әдісінің арқасында оның жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби спорт жолындағы жиырма төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал Василий Бабинцев жетінші мәрте ұтылды.

Еске сала кетейік, мұның алдында қазақстандық спортшы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде украиналық Зака Фатуллазадемен (19-12) жұдырықтасады делінген еді. Бірақ ол Қазақстанға жолға шығар алдында визадан проблема туындап, жарысқа келе алмады.

Барлық жаңалықтар