00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

WBC Головкин – «Канело» жекпе-жегіне арналған арнайы белбеуді таныстырды

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
48

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) мен Сауль Альварес (57-2-2, 39КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке арналған жаңа белбеуді ресми түрде таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін біз Оахака штатындағы Сапотек мәдениетінің ұлы суретшілері жасаған шедевр, Ягуар жауынгерінің белбеуі ретінде белгілі Сапотек белдеуін таныстырамыз. Осы арнайы жүлде 17 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтетін «Канело» – GGG жекпе-жегінде бәске тігіледі, – деп жазды WBC Твиттер желісінде.

Айта кетейік, аталған кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Барлық жаңалықтар