00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті

31.03.2023 | 16:52
Елорда ақпарат
31

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің анықтаушылары арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР ІІМ ТД АБ бастығы, полиция майоры Мәлік Қайбар және Нұр-Сұлтан қаласы ПД АБ бастығы, полиция майоры Диас Тоқатов қатысты.  

Аталған іс-шараға анықтаушылардан құралған 6 команда қатысты, олар Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының ПБ және Нұр-Сұлтан қаласы ПД Анықтау басқармасының анықтаушылары, сондай-ақ қонақ ретінде шақырылған Тергеу басқармасының командасы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің дене дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Жарыс өте тартысты өтті, әр команда жақсы дайындықтарын көрсетті. Бәсекелестік пен достық қарым-қатынас рухында өткен сайыста жеңімпаздар анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Есіл ауданының ПБ командасы, екінші орынды Сарыарқа ауданының ПБ және үшінші орынды Тергеу басқармасы иеленді.

Барлық жаңалықтар