00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадағы ATP 500 турниріне қатысатын теннисшілер белгілі болды

31.03.2023 | 16:49
Елорда ақпарат
14

Нұр-Сұлтанда өтетін ATP 500 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнирге қатысатын теннисшілерді қазіргі уақытта АТР рейтингінде бірінші орында тұрған Даниил Медведев бастап келеді. Одан бөлек үздік ондықтан Карлос Алькарас (4), Стефанос Циципас (5), Феликс Оже-Альяссим (8), Хуберт Хуркач (10) бар. 

Оған қоса ресейлік Андрей Рублев, италиялық Янник Синнер, аргентиналық Диего Шварцман, испаниялық Роберто Баутиста-Агут, болгариялық Григор Димитров, франциялық Гаэль Монфис сияқты рейтингісі жоғары теннисшілер, «Үлкен дулыға» жарыстарының жеңімпазы, хорватиялық Марин Чилич, швейцариялық Стэн Вавринка додаға қатысады.

Қазақстаннан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов ел намысын қорғайды.

Барлық жаңалықтар