00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

31.03.2023 | 16:39
Елорда ақпарат
39

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Теннис федерациясынан мәлім еткендей, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы жапониялық Сё Симабукуромен ойнады.

Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Б. Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.

Барлық жаңалықтар