00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

IRONMAN 70.3 ASTANA: алғашқы жеңімпаздар анықталды

25.02.2023 | 13:39
Елорда ақпарат
28

Триатлеттер BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA жарысының "жартылай" қашықтығын еңсерді. Ерлер арасында бірінші болып Люксембургтен келген Godard Olivier (3 сағат 59 мин), екінші – ресейлік Богдан Коваленко (4 сағат), үшінші – Алексей Никулин (4 сағат 10 минут) мәреге жетті. 

Әйелдер арасында мәреге бірінші болып Түркиядан келген Sayar Sera (4 сағат 35 мин), екінші – ресейлік Инна Цыганок-Тутукина (4 сағат 36 мин), үшінші болып қазақстандық Дина Шаймерденова (4 сағат 36 мин) келді.

Жүзу кезеңінде триатлеттер жылдам жүзсе, 1,9 км қашықтықты еңсерген Ironman "жартылай" қатысушылары велосипед кезеңіне өтті. Жарыс соңында олардың қайсысы Финляндиядағы IRONMAN 70.3 чемпионатына, келесі жылы Лахтиге баратыны белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең осы жылғы триатлоннан BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA және BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN жарысы басталған болатын. Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев құттықтау сөз сөйледі. 

Барлық жаңалықтар