00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

25.02.2023 | 12:26
Елорда ақпарат
31

Оған Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Грузия елдерінің спортшылары қатысады.

Қазақстандық «Alash Pride» клубының ұйымдастыруымен өтетін турнирдің жекпе-жегінде жалпы 11 жұп өзара мықтыны анықтамақ.

Жарыстың басты бәсекесінде спортшыларымыз «Alash Pride FC75» чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Сонымен қатар, 29 шілде күні кешкі 20:00-де «Ханшатыр»  ойын сауық кешенінде спортшыларсалмақ өлшеу мен көз түйістіру рәсімінен өтеді.

30 шілде сағат 11:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, «Alash Pride» клубының мүшесі  Ғалымжан Қанаевтың, Нұр-Сұлтан қаласындағы Tobet Top Team файтері Сағынай Шүкірдің және «Alash Pride FC» промоушені, жауынгерлік клубының бірден бір негізін қалаушы, президенті Данияр Қасқарауовтың қатысуымен баспасөз брифингі өтеді. 

Турнирді көрермендер»Alash Pride TV» YouTube және «QAZSPORT» сайтынан тікелей эфирден тамашалай алады.

Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек»  сарайында елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Барлық жаңалықтар