00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Еліміздің жеңіл атлеттері әлем чемпионатының финалына шықты

25.02.2023 | 11:23
Елорда ақпарат
36

Қазақстан атынан өнер көрсететін жеңіл атлет Нора Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіру сайысында бірінші келді. Ол аталған қашықтықты 9:01:54 нәтижесімен аяқтап, финалға шықты.

Бұл сайыс түрінен тағы бір қазақстандық – Дэйзи Джепкемей бақ сынады. Алайда ол тек 19-орынға тұрақтап, ақтық кезеңге өте алмады.

Сонымен қатар отандасымыз Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Ол биіктікке секірудің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Дәл осы спорт түрінен сайысқа түскен Кристина Овчинникова болса, ақтық кезеңге өте алмады.

Сондай-ақ Ольга Сафронова да жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады. Ол 100 метрге жүгіру додасында мәреге алтыншы болып келді.

Іріктеуде сәтсіз өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз – Мария Ефремова. Ол үш қарғып секіруден ӘЧ ақтық сынына өтпей қалды.

Бүгін 10 000 метрге жүгіруден әйелдер арасында әлем чемпионатының финалы өтті. Сайыста ел намысын Каролин Чепкоеч Кипкируи қорғады. Спортшы мәреге жетінші болып жетіп, елдің жаңа рекордын орнатты. Отандасымыз 10 000 метрді 30:17:64 уақытта жүгіріп өтті.

Барлық жаңалықтар