00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Футболдан Аргентина құрамасы Финалиссима чемпионы атанды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:53
Елорда ақпарат
28

Еуро-2020 жеңімпазы Италия құрамасы мен Америка Кубогының соңғы иегері Аргентина командасы екі құрлықтың үздігін анықтайтын Финалиссима-2022 Кубогын сарапқа салды. 90 мың жанкүйер сыятын әйгілі «Уэмбли» стадионындағы матчта мұхиттың ар жағынан келген ойыншылардың мерейі үстем болды.

Матчтың 28 минутында Мессиден пас алған «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес есеп ашса, бірінші таймның соңғы секундтарында Анхель Ди Мария таблодағы есепті еселеді. Үзілістен кейін еуропалық ұжым қарсылас қақпасына небәрі екі соққы жасай алды. Ойынның соңына қарай Италия чемпионатының жарық жұлдызы Пауло Дибала Доннарумма қақпасына командасының үшінші голын салды. Қорытынды есеп 3:0.

Осылайша алғаш рет ұйымдастырылған Финалиссима турнирін Оңтүстік Америкадан келген аргентиналықтар жеңді. Ал Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.

Барлық жаңалықтар