Elorda.info

Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды деп хабарлады Elorda.info

 

Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Prosports.kz сайты жазғандай, Елхан Табынбаев (3-0, 1 КО) жартылай ауыр салмақтағы WPBF тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Исрар Усманимен (5-0, 5 КО) жекпе-жек өткізді. Мәскеуде өткен кездесуде 22 жастағы алматылық жігіт бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жек ішіндегі төртінші және нокаутпен жеткен екінші жеңісі.

Исрар Усманиге қарсы Мәскеудегі жекпе-жек Елхан үшін Қазақстаннан тыс жерде өткен про-статустағы бірінші кездесу болды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт