00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Норвегиялық спортшы Ресейдегі сайыстарға қатысудан бас тартты

25.02.2023 | 01:29
Елорда ақпарат
32

Dagbladet басылымы жазғандай, Олимпиада чемпионының менеджері халықаралық Шаңғы спорты федерациясы сайысты Ресейден басқа жерде өткізуге әрекет етсін деп отыр.  

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) сайыс кезеңін басқа жерге ауыстыруға әрекет жасайды деп үміттенеміз. Егер орны ауыстырылмайтын болса, Тереза қатысудан бас тартады, – деді төрт дүркін Олимпиада чемпионының менеджері Джорн Эрнст.

Бұған дейін тағы бір норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клэбо Түмендегі жарыстарға қатыспайтынын айтқан болатын. Спортшы халықаралық Шаңғы спорты федерациясынан сайыс кезеңін басқа жерге ауыстыруды сұраған.

Еске салсақ, Түменде 18-20 наурыз күндері шаңғы спорты бойынша Әлем кубогының шешуші кезеңі өтуі керек. 

Барлық жаңалықтар