00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қансонар-2021»: Үздік құсбегішілер анықталды

24.02.2023 | 19:54
Елорда ақпарат
37

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар-2021» аңшы құстармен аң аулау шеберлері арасында халықаралық турнир аяқталды.

Турнир дәстүрлі мәдениетке енуге және қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Жыртқыш құстармен аң аулау ұлттық спорттың бір бөлігі болып табылады.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Букібаев атап өткендей, бұл турнир 2017 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие. Содан бері осымен төртінші рет Бурабай ауданында ұйымдастырылып отыр.

«Қазақстан көп ғасырлық тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпы бар ел. Біз өскелең ұрпақтың бойына осы ұлттық құндылықтарымызды дарытып, тарихымызды, Ұлы даланың рухани байлығын насихаттап, мақтаныш және патриоттық сезімде тәрбиелеуіміз керек»,- деді Әсет Бүкібаев.

Жарыс «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау», «Қаршыға салу» тәрізді үш іріктеу кезеңінде өтті. Сонымен қатар, құсбегілердің жыртқыш құстары мен үстеріндегі аңшылық костюмдері бағаланды, олар, әдетте аң терісінен жасалады.

Жарыс бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі жыртқыштардың еркін ұшуы, олардың құсбегісінің қолына оралуға шақыруы бойынша минималды ұшу траекториясымен шеберлігі болды.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы облысынан Бекнияз Қуанышбаев үздік құсбегі атанды. Ол бас жүлде – автокөлік сатып алуға ақшалай сертификатқа ие болды. Маңғыстау облысының өкілі Айшуақ Тайманов екінші, Алматы облысының құсбегі Бүркітбай Жасұлан (Алматы облысы) үшінші орынды иеленді.

«Аң аулау» жарысында Нұр-Сұлтан қаласынан Серікұлы Ерасыл жеңіске жетсе, екінші орында Сейітжан Аян (Алматы облысы) және үздік үштіктен Маңғыстау облысынан келген спортшы Ерұлан Кемелханов көрінді.

Сұңқармен аң аулауда Қарағанды облысының өкілі Таңат Оспанқұловқа тең келер ешкім болмады, екінші орынға атыраулық Арман Күшқаров, үшінші орынға Маңғыстау облысынан келген Айшуақ Тайманов лайық деп танылды.

Сайыстың құрметті қонағы ретінде әлемге әйгілі бүркітші қыз, Моңғолиядан келген қандасымыз Айшолпан Нұрғайып қатысты. Ол сегіз жасынан бастап аң аулаумен айналысады. Бұл ежелгі өнерді ол әкесінен үйренді.

Барлық жаңалықтар