Elorda.info

Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық Анна Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге алғашқы ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті.

Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Одан кейін 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алып, есепті 7:5 жеткізді. Анна Данилина мен Виктория Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Ал жекелей сында Анна Данилина алғашқы айналымда Анастасия Гасановаға 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт