00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Бокстан әлем чемпионаты: шаршы алаңға бүгін кімдер шығады

24.02.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
30

Күндізгі сессияда бірінші болып ұлттық құрамадағы талантты боксшылардың бірі Махмұд Сабырхан рингке көтеріледі. 54 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол шотландиялық Мэттью Макхейлмен қолғап түйістіреді. Күндізгі сессия сағат 17:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Кешкі сессияда 60 келі салмақтағы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Сулето Мореномен жұдырықтасса, 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов германиялық Магомед Шахидовтың шамасын байқап көрмек. Бокс кешін 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай түйіндейді. Ол Өзбекстан атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен қолғап түйістіреді. Бұған дейін екі қазақ боксшысы өзбек оғландарын жарыс жолынан ығыстырған болатын. 

Барлық жаңалықтар