00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды

24.02.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
27

Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласs әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатқан жарыс 31 қазанда мәресіне жетеді. Биыл мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» (ISU Challenger Series) санатында 7-ші жарыс саналатын Denis Ten Memorial Challenge турнирінде 16 елден келген 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Оның ішінде биылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, Бейжіңде өтетін Олимпиадаға баратын мәнерлеп сырғанаушылар бар.

Турнирде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар: ерлер арасындағы жекелей сында – Рахат Бралин, Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев. Әйелдер арасында – Анастасия Лобанова, Богдана Ракишев мен Ясмина Текик. Ал жұптық сында ел намысын Гаухар Наурызова/Боянсангур Датиев және Максин Уэзерби/Темірлан Ержанов жұбы қорғайды.

Турнирде Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жоғары санатты 36 төрешісі қызмет етеді.

Барлық жаңалықтар