00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Өлсең де жеңуге тиіссің»: «Дикий» Арман боксшының намысын қайрады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
34

Ол 71 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергеновті жекпе-жек алдында жігерлендіріп, намысын қайраған.

“Өзіңді көрсет, соңына дейін жұдырықтас. Өлсең де намысты берме! Чемпионсың ғой. Арнайы сендер үшін келдім”, - дейді Арман.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов кеше алғашқы кездесуінде Ираннан келген Фархад Моради Аташгахтың осал тұсын тапты. Кездесу бірінші раундта аяқталды. Өйткені қарсыласы жарақат алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.

Енді Асланбек Шымбергенов өзбекстандық әлем чемпионы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Қарсыласы 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс медаль алған.

Барлық жаңалықтар