00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Бокстан әлем чемпионатында бүгін кімдер рингке шығады

24.02.2023 | 17:09
Елорда ақпарат
17

Екеуі де Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда жекпе-жекке шығады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахпен кездессе, 86 келіге дейінгі салмақта Нұрмағанбеттің 1/16 финалдағы қарсыласы бразилиялық боксшы Кено Мачадо болады.

Айта кетейік, кеше 51 келідегі боксшымыз Сәкен Бибосынов Рио Олимпиадасының чемпионы өзбек Хасанбой Дусматовты жеңіп, 1/8 финалға шықты. Сәкен келесі кезеңде үндістандық Дипакпен кездеседі. Ал, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрқанат Райыс 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичті 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандықтың боксшы 1/16 финалда молдовалық Влад Гаврилычпен кездеседі.

Еске салайық, бокстан 2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамы мынадай: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) , Саматәлі Төлтаев (60 келі) , Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағанбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі ), Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Барлық жаңалықтар