00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Әлем чемпионаты: қазақ боксшылары қарсыластарынан басым түсті

24.02.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
34

51 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен Өзбекстан өкілі, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов кездесті. Тартысты жекпе-жекте 5:0 есебімен Бибосынов жеңіске жетті. 

Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов азулы қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті. 

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Райыс алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол черногориялық Стефан Савковичпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Нұрқанат әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. 

Бокстан әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар