00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Головкин «DAZN»-мен келісімшартына түзетулер енгізді

24.02.2023 | 16:46
Елорда ақпарат
19

Деректерге зер салсақ, қазақстандық боксшы мен «DAZN» стрмингілік сервисі келісімшарттың нақты қандай пункттерін өзгерткені туралы ресми мәлімет жоқ. Дегенмен, сала мамандары мәселені гонорармен байланыстырып отыр.

Отандасымыз үстіміздегі жылдың 29 желтоқсанында Жапония астанасы - Токио қаласында жергілікті былғары қолғап шебері Риота Муратамен жұдырықтасады. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, бұл кездесу Геннадий Головкиннің жаңа келісімшарты негізінде өтпек.

Аталмыш кездесуде «GGG» өзіне тиесілі «IBF» және «IBO» белбеулерін, ал Риота Мурата «WBA» (super) белбеуін бәске тігеді. Сөйтіп, жекпе-жек жеңімпазы үш тұжырым бойынша әлем чемпионы болмақ.

Геннадий Головкин 2019 жылы қол қойған келісімшарт бойынша алты кездесу өткізуі керек болатын. Қазірге дейін ол шаршы алаңға үш мәрте көтерілді.

Барлық жаңалықтар