00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда бокстан қала чемпионаты өтіп жатыр

24.02.2023 | 15:15
Елорда ақпарат
39

Чемпионатта 17 және одан жоғары жастағы 100 спортшы күш сынасып жатыр.

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімінде елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев мерейтой иесін құттықтап, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын табыс етті.

«Бұл жарыс елорда құрамасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, оның жеңімпаздары республикалық және халықаралық жарыстарға елорда атынан қатысады», - деді ол.

Әйгілі жаттықтырушы Қайрат Манашев өз сөзінде талантты шәкірттер ұстазының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, өмірін ұзартатынын айтты.

«Әр спортшыға жекелеген тәсіл табу қажет, жаттықтырушылар жұмысындағы ең бастысы – шыдамдылық. Шыдамдылық пен еңбек – чемпиондардың құпиясы», – деді Қайрат Манашев.

Турнир фавориттерінің бірі Оралбек Әбдіқадыров бірінші жекпе-жектегі жеңісінен алған әсерімен бөлісті.

«Ата-анам 10 жасымда алғаш рет жаттығуға алып келді. Содан рингтегі жекпе-жектер ұнай бастады. Бұл жарыста финалға жолдама алдым. Кез келген спортшы сияқты үлкен жетістіктерге жетіп, Олимпиада чемпионы болуды армандаймын», - дейді Оралбек.

Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Барлық жаңалықтар