00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Президент Алматы қаласының әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді

17.04.2023 | 17:46
38
Фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда:қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеген, ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шыққан;

биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланған;

факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінген;
өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылған;

газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр;

жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады;

1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар