00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады  

05.05.2024 | 08:56
172
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады  
Фото: Aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елімізде тұратын барша православ қауымы өкілдеріне діни мерекелеріне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады

Құрметті еліміздің  православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!,- делінген Президенттің құттықтауында. 

 

Барлық жаңалықтар