Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады](/img/articles/41871a435a01749d8f7dab06b1c19ea0.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.
Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын, – деді Президент.
Өз кезегінде ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
![Израиль премьері Джо Байденмен кездесті](/img/articles/6ac9e57035303a2f9b831e08bc0cd246.jpeg)
![Камала Харрис Трамппен пікірталасқа дайын екенін мәлімдеді](/img/articles/ed422b3dc23d41335da294594bda7603.jpg)
![Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен кездесті](/img/articles/4cd35f3a55d0d0f8acf18b5536c8a26f.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты](/img/articles/51c16f5ee230266efeaaab03bb1032a0.jpeg)
![Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті](/img/articles/6a284341e09e91e8fc763057a44a3ba2.jpg)
![Алакөл жағасында жоғалып кеткен екі бала табылды](/img/articles/827d8905972725abb2c7eeb64c8f92eb.webp)
![Жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасына бағалау жүргізіледі](/img/articles/17e1c0387940afc2ccd86240246a3def.png)
![Президент жаңа заң жобасына қол қойды](/img/articles/0cd56d5d3a5ff0da57a889b27d2b412a.jpeg)
![Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады](/img/articles/668ee44021f1d47ad61251256efb29f3.png)
![Президент жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды](/img/articles/0589c43ec2015daf7ad788f5fc946c33.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тәуелсіздік күнінің мәні де, мағынасы да әрбір қазақстандық үшін қастерлі - Зулфухар Ғайыпов](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_12_14_at_10_16_54_f914179732.jpeg)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)