Сарапшы: Президент реформасының негізгі бағыттарының бірі – партия құрылысын ырықтандыру
![](/img/articles/uploads/640189d5e8f4a909085903_604cd21e51.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасының негізгі бағыттарының бірі – партия құрылысын ырықтандыру. Оны жүзеге асыру аясында саяси партияларды тіркеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетіліп, тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов осындай пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның сөзінше, партиялардың аймақтық өкілдіктерінің төменгі мөлшері 600-ден 200 адамға дейін қысқарды. Бұл ретте партиялардың Парламент Мәжілісіне өтуіне шектеу 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді.
Бұл шаралар партиялардың құрылуына да, сондай-ақ олардың өз саяси мақсаттарын жүзеге асырып, сайлаушылардың мүдделерін қорғау үшін Парламентке кіру мүмкіндіктерін де айтарлықтай кеңейтті. Сонымен қатар бұл партияның дамуын белсендіріп, жаңа партиялардың құрылуына ықпал етті.
Биылғы сайлау науқанына 7 саяси партия қатысып жатыр. Олардың арасында жақында құрылған 2 жаңа партия бар. Жаңа партиялардың құрылуы қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Өткен парламент сайлауына 5 партия қатысқаны белгілі, – деді Әлішер Тастенов
Сарапшының айтуынша, бұл – партиялық бәсекелестікті арттырып, сайлау алдындағы дауыс үшін күресті күшейтеді. Бұған өзін-өзі ұсынған кандидаттардың сайлауға қатысуы да ықпал етеді.
69 депутат партиялық тізімге сәйкес пропорционалды жүйе бойынша, 29 депутат бір мандатты округ бойынша сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының сайлауы да аралас сайлау жүйесі бойынша 50/50 қатынасымен өтеді.
Мәжіліс сайлауында партиялық тізім бойынша барлығы 281 кандидат тіркелді. Бір мандатты 29 округ бойынша Мәжіліс депутаттығына 435 кандидат (орта есеппен бір мандатқа 15 кандидат) тіркелген. Кандидаттардың мұндай көп болуы сайлау үдерісіне, тиісінше, әділ сайлауға деген сенімнің артуына байланысты болып отыр, – деді ол.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![«Көңіл-күй өте жақсы»: президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді](/img/articles/uploads/6379c60d7abc2723266518_9cde2591b0.jpeg)